“Кітапхана” директоры қызметінен босатылды

0
634
"Елбасы кітапханасы". Photo: inform.kz

14 қаңтар күні президент Қасым-Жомарт Тоқаев “Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы” мемлекеттік мекемесінің директоры Әмірхан Рақымжановты қызметінен босатты. 

Әмірхан Рақымжанов  1960 жылы Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Бестерек кентінде дүниеге келген.

Әмірхан Рахымжанов.

1999-2001 жылдары денсаулық және білім департаменттерінде басшылық қызмет атқарған. Мәдениет және ақпарат вице-министрі, Астана (қазіргі Нұр-Cұлтан) қаласы әкімінің орынбасары, 5-ші шақырылымдағы мәжіліс депутаты болған.

Бұдан басқа Тоқаев Қазақстанның Бельгия және Люксембургтегі төтенше және өкілетті елшісі Айгүл Құспанды да қызметтен алды.

Айгүл Құспан

Қазақстандық дипломат Айгүл Құспан 12 қаңтарда парламент мәжілісіне “Нұр Отан” партиясынан депутат болды. Ол бұған дейін Қазақстанның Бельгия және Люксембургтегі төтенше және өкілетті елшісі қызметін атқарған. Сонымен қатар сыртқы істер министрлігінде лауазымды қызметтерде болған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз