Өткен тәулікте мыңға жуық адамнан коронавирус пен пневмония анықталды

0
218
Photo: pricom.kz

13 қаңтарда Қазақстанда 834 адамнан коронавирус табылды. 91 адам коронавирус пневмониясына шалдықты. Бір күнде 3 адам – коронавирустан, 2 адам коронавирус пневмониясынан көз жұмды. Бұл туралы сақтау министрлігі 14 қаңтар таңертең хабарлады.

Өткен тәулікте ең көп науқас Нұр-Сұлтан (123) мен Алматы қалаларында (122) тіркелген. Бір күн бұрын да жағдай осыған ұқсас болған. Атырау облысында – 75, Қостанай облысында – 74, Павлодар облысында – 70, Солтүстік Қазақстан облысында – 59, Ақмола облысында- 59, Алматы облысында – 56, Қарағанды облысында – 40, Батыс Қазақстан облысында – 40, Шығыс Қазақстан облысында 39 адамнан коронавирус анықталған. Қалған облыстар мен қалаларда бір күнде анықталған науқастар жиырмаға жетпейді.

Наурыздан бері коронавирус жұққаны тестпен расталған науқастар 165 311 адамға жеткен.

Денсаулық сақтау министрлігі 1 тамызға дейін пневмонияның бірнеше түрін бірге есептегенін айтады. 6 айға жуық уақыт ішінде 46 590 адам коронавирус пневмониясына шалдыққан. 532 адам қайтыс болған. 34 209 адам жазылған.

Қазір коронавирустан 23 608 адам (11 759-ының ПТР-тесті оң шыққан) емделіп жатыр. 272 адамның жағдайы ауыр, 55 науқастың жағдайы өте ауыр. 51 адам жасанды тыныс аппаратына қосылған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз