Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың өкімімен Қамалжан Надыров Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
“Бұған дейін Камалжан Надыров денсаулық сақтау вице-министрі қызметін атқарды. Бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Камалжан Надыровтың коронавирус жұқтырғаны 22 сәуірде белгілі болды. Дәл сол күні ол Алматы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметіне кірісуі тиіс еді”, – деді әкімдіктегілер.
Надыров Нұр-Сұлтандағы жұқпалы аурулар ауруханасында емделді. 19 мамырда оның аурудан айыққаны хабарланды.