Қазақстанда қала әкімінен коронавирус табылды

0
106

Теміртау қаласының әкімінен Covid-19 инфекциясы табылды. Ол қазіргі уақытта үйінде ем алып жатыр. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Теміртау қаласының әкімі Ғалым Әшімов.

“Теміртау қаласының әкімі Ғалым Әшімовтің коронавирус жұқтырғаны жексенбі күні расталды. Байланыста болғандардың бәрі үй карантиніне алынды. Тест қорытындысы теріс болып шықты”, – деді облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Теміртау қаласы әкімінің орынбасары Мирас Құттыбай уақытша әкім міндетін атқарады.

Бұған дейін коронавирус жұқтырған бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Қамалжан Надыров жұқтырған болатын.

Ол вирус расталғанға дейін Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы қызметіне тағайындалған еді. Шенеунік 2 маусымнан бастап жұмысына қайта кірісті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз