Лондон отпен ойнап отыр – Ресей

0
65
Reuters/Василий Небензя Ресейдің БҰҰ-дағы тұрақты өкілі

Мәскеудің өтінішімен өткен Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында Ресей Ұлыбританияны Скрипаль ісіне қысастық жасауда айыптады. Бұл туралы BBC орыс қызметі хабарлайды.

Ресейдің БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Василий Небензя британ билігін Мәскеуге Сергей және Юлия Скрипальдардың өміріне қастандық жасады деген айып тағып, отпен ойнап отырғандарын айтып, ескерту жасады.

Өз кезегінде Біріккен Корольдік өкілі Карен Пирс өз елінің аталған әрекеттері барлық халықаралық талаптарға сай келетінін және ресейлік тараптың өз сарапшыларын тергеуге қабылдау туралы талаптары өрт қоюшылардың өрттің салдарын тергеуге рұқсат беру туралы талаптарын еске салатынын алға тартты.

Ресей тарабы базынасын айтты

В. Небензя Ресей Федерациясының азаматы Юлия Скрипальмен кездесуге Ресей елшісін кіргізбейтіндерін айтып, шағымданды. Сондай-ақ Небензя Ұлыбритания Мәскеумен ынтымақтастық жасаудан бас тартып жатқандығын атап, Ю. Скрипальдің кесірінен Ресейдің Батыс Еуропаның бірқатар елдерімен қарым-қатынасы ушыққанын, Лондон тергеуге орыс елшілерін кіргізбей жаңа ақпараттармен бөлісуден бас тартқандарын айтты. Ресейдің БҰҰ-дағы тұрақты өкілінің айтуынша, айыпты дәлелдейтін тиісті деректер келтірілмей, Ресей негізсіз айыпталды. Ресей елшісі Ұлыбританияны «жалған ақпарат» таратуда айыптап, мұны қуырылған үйрекке, ал Лондонның әрекетін отпен ойнауға теңеді.

Сот қана ақиқатты анықтайды – Ұлыбритания
Reuters/ Карен Пирс Біріккен Корольдік өкілі

Ұлыбритания өкілі Карен Пирс Ресей елшісін Ю. Скрипальға өзінің рұқсатынсыз (Ю. Скрипальдың – ред) кіргізбейтіндерін алға тартты. Бұған дейін Ю. Скрипаль Ресей өкілінің көмегінен бас тартқан еді. Пирс Портон-Даун британ зертханасының сарапшылары қос азаматты улауда қолданылған у жүйке жүйесін сал қылатын «Новичок» деп аталатын заттек екенін атады. Сондай-ақ Британия тарабы қастандықтың артында Мәскеудің тұрғанын дәлелдейтін деректердің жетіп артылатынын мәлімдеді. Пирстың айтуынша, Лондон Кремльден Ресейдің жүйке жүйесін сал қылатын газы Ұлыбританияда қалай жүргеніне қатысты жауап ала алмады. Пирс сондай-ақ highly likely формуласының қолданылу себебін атап, «Британия аталған формуланы соттың шешіміне дейін қолданады, қанша дегенмен тек сот қана ақиқатты анықтайды. Оған күмәнмен қараудың қажеті жоқ», – деді.

АҚШ Британияны қолдады
Reuters/АҚШ-тың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі

БҰҰ-дағы АҚШ делегациясының өкілі Ресейдің бастамасымен шақырылған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы Мәскеудің Қауіпсіздік Кеңесін тек өздерінің саяси мақсаттарына қолдануы ғана деп атап өтті. АҚШ делегациясы өкілінің айтуынша, Ресей жүйке жүйесін сал қылатын заттек және оны қолданғандары үшін жауапты. Америкалық дипломат Ұлыбританияны қолдайтынын алға тартты.


Басты барлау қызметінің бұрынғы офицері Сергей Скрипаль және оның қызы Юлия 4 наурызда Британиядағы Солсбери қаласында ес-түссіз күйінде табылды. Қазіргі кезде 33 жастағы Ю. Скрипальдің жағдайы жақсарып келеді, ал әкесі С. Скрипаль ауыр дегенмен қалыпты жағдайда.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз