Жээнбеков ресми сапармен Түркияға барады

0
58

Қырғызстан Республикасының президенті Сооронбай Жээнбеков 9-10 сәуірде ресми сапармен Түркияға барады. Бұл туралы АКИpress хабарлайды.

Сооронбай Жээнбеков Түркияға сапары барысынды Режеп Тайып Ердоғанмен және Түркия премьер-министрі Бинали Йылдырыммен, сондай-ақ, Парламент спикері Исмаил Кахраманмен тар және кеңейтілген құрамда ресми кездесу өткізеді.

Қырғызстан президентінің Түркияға сапары саяси диалог орнату, қырғыз-түрік қатынастары саласындағы өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу, экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мақсатында өткізілетін болады.

Сапар барысында дене шынықтыру және спорт саласында, сонымен қоса баспасөз және ақпарат саласында ынтымақтастық туралы келісім жасау жоспарланған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз