22 қазан күні таңертеңгі сағат 10:55-те Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің (ҰҚСК) төртінші отырысы басталды. Жиынның онлайн тікелей эфирін мына сілтемеден көре аласыз.
Президент Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәлидің хабарлауынша, ҰҚСК-нің осы отырысында мемлекеттік басқару реформасы, әлеуметтік және экологиялық мәселелерді шешу, балалардың құқығын қорғау, ерекше мұқтаждығы бар адамдарды қолдау және т.б. мәселелер қаралатынын айтты.