Қазақстандықтар апта соңы UFC-де дебют өткізеді

0
132

24 қазан түнде Абу-Дабиде (БАӘ) UFC аралас жекпе-жегінің 254-ші турнирі өтеді. Бұл туралы UFC ресми сайтында жариялады. 

Қазақстандықтар Сергей Морозов (16-4) пен Шавкат Рахмонов (12-0) осы турнирде өздерінің алғашқы жекпе-жегін өткізеді.

Шавкат Рахмонов алғашқы жекпе-жекте бразилиялық Алекс Оливейрамен (22-8-1-2) кездеседі. Олар сегізбұрышқа (октагон) 24 қазан күні Нұр-Сұлтан уақытымен 22:00 шамасында шығады.

Шавкат Рахмонов

Ақтөбелік Сергейдің басты қарсыласы атақты Хабиб Нурмагомедовтің інісі Омар Нурмагомедов болған еді. Алайда Омар денсаулығына байланысты ауруханаға жатқызылып, қазір Сергейге қарсылас ізделіп жатыр. Сергей Морозовтың жоспар бойынша жекпе-жегі 24 қазан күні Нұр-Сұлтан уақытымен 20:30-да өтуі тиіс.

Сергей Морозов

UFC 254 басты жекпе-жегі ресейлік Хабиб Нурмагомедов пен америкалық Джастин Гэтжи арасында өтеді. Жеңгені жеңіл салмақтағы UFC чемпионы белдігіне ие болады. Оның қазіргі иесі ресейлік Хабиб Нурмагомедов. Турнирдің басты жекпе-жегі сағат Нұр-Сұлтан уақытымен шамамен 00:00-де өтеді.

Хабиб және Гэтжи

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз