Мамандар iPhone 12-нің басты кемшілігін айтты

0
145

Apple компаниясының жаңа смартфонына (iPhone 12) алғаш шолу жасаған мамандар гаджеттің басты кемшілігін анықтады. iPhone 12 Pro смартфоны 5G желісіне қосылғанда қуаты тез таусылады. Бұл туралы centralasia.media хабарлады.

Шолушылардың айтуынша, смартфон екі жарым сағат қолданылғаннан кейін 18 пайыз ғана қуаты қалған.

Engadget порталының сарапшылары да осындай тұжырым жасаған. iPhone 11-дің қуатына үйренген тұтынушылар жаңа смартфоннан көңілі қалуы мүмкін.

Өткен аптада Apple компаниясы жаңа iPhone 12-ні таныстырған болатын. Оған төрт гаджет кіреді: iPhone 12, iPhone 12 mini, iPhone 12 Pro және iPhone 12 ProMax.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз