27 сәуірде Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұйрығымен Мәлік Отарбаев президент кеңесшісі болып тағайындалды. Бұл жөнінде Ақорда сайты хабарлады.
“Мемлекет басшысының өкімімен Мәлік Нұржанұлы Отарбаев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды”, – делінген президент баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
42 жастағы Мәлік Отарбаев Жамбыл облысының тумасы. Еңбек жолын 2001 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультетінде стажер-зерттеуші болып бастаған. 2003 – 2016 жылдар аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультетінде аспирант, “Диалог “Еуразия-Қазақстан” журналының жауапты хатшысы, бас редакторы, бас үйлестірушісі, Қазақстан Жазушылар одағына қарасты “Қаламгер” журналының бас үйлестірушісі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Халықаралық түркі мәдениетін дамыту ТҮРКСОЙ ұйымындағы өкілі қызметтерін атқарған.