26 қаңтарда Парламент Сенатының отырысы өтті. Жиналыс соңында жасырын дауыс беру арқылы Мәулен Әшімбаевтың төрағалығын барлық сенатор қолдаған, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.
Отырыста президент Тоқаев сөз сөйлеп, төрағалыққа Әшімбаевтың кандидатурасын ұсынды.
“Өздеріңіз білесіздер, менің Жарлығыммен Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев Сенат депутаты болып тағайындалды. Конституцияның 58-бабының 1-тармағына сәйкес Сенат Төрағасы лауазымына Мәулен Сағатханұлы Әшімбаевтың кандидатурасын ұсынамын. Ол бұған дейін осы міндетті абыроймен атқарды. Заң шығару жұмысын жақсы біледі. Мемлекеттік қызметтегі тәжірибесі мол. Сондықтан, оны Сенат Төрағалығына лайықты деп санаймын.”, – деді Тоқаев.