Оралу Қоғам ҚАЗТЕСТ сертификаттары электрондық форматқа ауыстырылды

ҚАЗТЕСТ сертификаттары электрондық форматқа ауыстырылды

0
48
фото: Satbayev University

2023 жылдан бастап ҚАЗТЕСТ сертификаттары ұлттық тестілеу орталығының certificate.testcenter.kz сайты арқылы электрондық форматта беріледі, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі Ortcom.kz сайтына сілтеме жасап.

​ҚАЗТЕСТ электрондық сертификатында алушының дерегі, жинаған балы, жарамдылық мерзімі және QR-коды көрсетіледі. Оны сканерлеу арқылы құжаттың түпнұсқалығын тексеруге болады.

​”Бұған дейін ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша мемлекеттік тілді меңгергенін растайтын сертификат қағаз түрінде ғана берілетін. Енді докторантураға түсушілер, «Болашақ» бағдарламасының үміткерлері және басқалары ҚАЗТЕСТ сертификаттарын электрондық форматта алатын болады. Алайда, жарамдылық мерзімі өтпеген қағаз нұсқадағы сертификаттардың жарамдылығы сақталады”, – деп атап өтті ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.

​Бұдан басқа, сертификаттық тестілеуге қатысуға өтініштер докторантураға түсушілерден, «Болашақ» бағдарламасының үміткерлерінен, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мен Президенттік жастар кадр резервіне кандидаттардан және басқа да тілек білдірген жеке тұлғалардан қабылданады.

​ҚАЗТЕСТ халықаралық талаптарға сәйкес қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалаудың отандық жүйесі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз