Мемлекеттік қызметкерлерге планшет таратылып жатыр

0
120
фото: Pixabay

Елдегі құжатбастылықты қысқарту мақсатында мемлекеттік қызметкерге планшет таратылып жатыр, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

“Мемлекеттік аппараттың құжат айналымын қысқарту мақсатында «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес, мемлекеттік қызметшілерге планшеттер таратып жатырмыз. Алдағы уақытта 450 планшет қосымша берілетін болады”, – дейді министр Б. Мусин.

Оның айтуынша, Smart Bridge арқылы интеграциялар оңай жүргізіліп отыр.

“Мемлекеттің азаматтармен қатынасын цифрлық құралдарға көшіру қолға алынды. Мысалы, e-Otinish платформасы өзінің тиімділігін растады. Бүгін әкімшілік сотқа өтініштерді оңай беру үшін Жоғарғы Сотпен интеграция жүргіздік. Мемлекеттік қызметтердің сапасы бойынша халықпен кері байланыс бар. Біз eGov-та 800 мыңға жуық қызметке бағалау жүргіздік. Жасанды интеллект технологиясын қолданып, 1414 кеңес беру қызметін роботтандыру бойынша пилоттық жоба іске асырылып жатыр”, – деді министр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа ауыстыру 94 пайызға жеткен.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз