Қазақстандық оқушы халықаралық суретшілер көрмесіне шақырту алды  

0
192
фото: ortcom.kz

Қызылордадалық 10-сынып оқушысы Яна Ким Лондондағы “Golden time talent” халықаралық суретшілер көрмесіне шақырту алды, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі Ortcom.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұған дейін Яна 1-4 тамыз аралығында Көкшетаудағы “Балдәурен” лагерінде өткен республикалық суретшілер байқауында гран-при жеңіп, 250 мың теңгенің сертификатын алған. Ол сондай-ақ Түркияда өткен “Түркияның күн сәулелі үйі” халықаралық суретшілер байқауына жолдама жеңіп алып, гран-при иегері атанды. Енді оқушы биылғы жылдың желтоқсан айында Египеттегі халықаралық байқауға қатыспақ. Сарапшылар оның туындыларын жоғары бағалап, мектеп оқушысын Лондондағы “Golden time talent” халықаралық суретшілер көрмесіне шақырды.

Қатысушылардың жұмысын 60-тан астам қазылар алқасы бағалайды, оның құрамында ЮНЕСКО өкілдері, әлемнің әртүрлі елдерінің үздік суретшілері бар.

“Golden time talent” – бұл әлемнің 39 елінен 7 жастан 60 жасқа дейінгі суретшілер қатысатын ауқымды байқау. Ол бейбітшілік және халықтар арасындағы өзара түсіністікке бағытталған арт-мәдениетті насихаттауға арналған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз