Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысына жасаған сапары барысында өзінің ұстанымы заңның үстемдігі екенін айтты. Бұл туралы Ақорданың твиттердегі парақшасында хабарланады.
“Қоғамдағы әділеттілік, ең алдымен, атқарушы билікке байланысты. Үкіметтің, министрлердің, барлық деңгейдегі әкімдердің, полицияның, прокуратураның, соттардың басты мақсаты – азаматтардың құқығын қорғау. Мұндағы менің басты ұстанымым анық, айқын. Бұл – заңның үстемдігі”, – дейді Тоқаев.
Қоғамдағы әділеттілік, ең алдымен, атқарушы билікке байланысты.
Үкіметтің, министрлердің, барлық деңгейдегі әкімдердің, полицияның, прокуратураның, соттардың басты мақсаты – азаматтардың құқығын қорғау.
Мұндағы менің басты ұстанымым анық, айқын.
Бұл – заңның үстемдігі.— Ақорда Баспасөз қызметі (@AkordaPress) March 23, 2019