Қоғамдағы әділеттілік, ең алдымен, атқарушы билікке байланысты – Тоқаев

0
488
дереккөзден

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысына жасаған сапары барысында өзінің ұстанымы заңның үстемдігі екенін айтты. Бұл туралы Ақорданың твиттердегі парақшасында хабарланады.

“Қоғамдағы әділеттілік, ең алдымен, атқарушы билікке байланысты. Үкіметтің, министрлердің, барлық деңгейдегі әкімдердің, полицияның, прокуратураның, соттардың басты мақсаты – азаматтардың құқығын қорғау. Мұндағы менің басты ұстанымым анық, айқын. Бұл – заңның үстемдігі”, – дейді Тоқаев.

Атап өтерлігі, жаңа президент Қ.Тоқаев өзінің алғашқы сапарын Түркістан облысынан бастады. Сапар жоспарында  – облыс орталығының құрылысымен танысу, өндірістік және әлеуметтік нысандарға бару, халықпен кездесу.

Тоқаев 23 наурызда  «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің археологиялық және архитектуралық ескерткіштерімен танысып, Қожа Ахмет Яссауи кесенесін аралап көрді. Мемлекет басшысына мәдени нысандардың қайта жөндеу жұмыстары және қорық-музейдің аумағын абаттандыру барысы жөнінде баяндалды. Сонымен қатар, Қазақстан президентіне облыс әкімдігінің, басқармалар мен департаменттердің әкімшілік ғимараттарын, сондай-ақ Конгресс холлды, Медиа орталығын, «Ұлы дала елі» орталығын, оқушылар сарайын, туризм колледжін, «Астана» алаңын, әуенді субұрқақты, халыққа қызмет көрсету орталығын және басқа да әлеуметтік-мәдени мақсаттағы нысандарды салу барысы туралы есеп берілді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз