17 қарашада президент Қасым-Жомарт Тоқаев, Қамалетдинов Сұлтан Бүркітбайұлын қорғаныс министрінің орынбасары етіп тағайындады. Бұл туралы президенттің ресми сайты хабарлады.
“Мемлекет басшысының өкімімен Сұлтан Бүркітбайұлы Қамалетдинов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы лауазымынан босатылды”- делінген хабарламада.