Парламент Назарбаев туралы заңның күші жойылғанын бірауыздан мақұлдады

0
104
Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

13 қаңтар күні парламенттің бірлескен отырысында депутаттар “Бірінші президент – Елбасы” туралы конституциялық заңның күші жойылғанын мойындау” туралы заң жобасын бірауыздан қолдап дауыс берді.

Депутаттар экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев пен оның отбасын түрлі артықшылықтар мен жеңілдіктерден айыруды қолдады.

“Қазақстанның демократия мен плюрализмге бет алып, терең саяси трансформация жасау кезеңінде, жеке топтардың билікті меншіктеуге жетелейтін қандай да бір тетіктерге жол бермеу маңызды” деді заң жобасын әзірлеушілердің бірі мәжіліс депутаты Ерлан Саиров.

Алайда сарапшылар аталған заңның күші жойылса да, бұл Нұрсұлтан Назарбаевқа берілетін жеке артықшылықтар мен оның қолсұқпаушылық статусына аса әсер етпейді деп санайды.

Қос палатаның бірлескен отырысынан кейін журналистердің сұрақтарына жауап берген әділет министрі Азамат Есқараев “экс-президентке берілген барлық кепілдіктер сақталады. Бұл оның отбасы мүшелері емес, тек өзіне ғана қатысты. Күші жойылайын деп отырған заң бұған дейін оның мүліктері мен есепшоттарына, отбасы мүшелеріне кепілдікті қарастырған” деп жауап берді.

“Егер қылмысы дәлелденсе, оның отбасы мүшелеріне қылмыстық іс қозғауға бола ма? Бұрын оған заң тыйым салған еді” деген сұраққа министр “президент туралы заңда экс-президенттің отбасы мүшелеріне мұндай кепілдіктер қарастырылмаған” деді министр.

Осы аптада Қазақстанның Конституциялық соты бір топ депутаттың өтінішін қарап, “Тұңғыш президент – Елбасы” заңының күшін жойған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз