Оралу Аймақ 5-10-19: «Ақмола жастары» жаңа өңірлік тұрғын үй кредиттеу бағдарламасы іске қосылады

5-10-19: «Ақмола жастары» жаңа өңірлік тұрғын үй кредиттеу бағдарламасы іске қосылады

0
152
фото: Pixabay

Ақмола облысында жастарға арналған жеңілдетілген тұрғын үй кредиттеу бағдарламалары пайда болады, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі Ortcom.kz сайтына сілтеме жасап. 

«Отбасы Банк» АҚ Ақмола облыстық филиалының директоры Алмат Нұрахметовтың айтуынша, жаңа бағдарламаның мақсаты – 35 жасқа дейінгі жастарды жеке тұрғын үймен қамтамасыз ету.

“Бүгін біз «Ақмола жастары» жаңа өңірлік бағдарламасын таныстырамыз, жеңілдікті кредиттеу мөлшерлемесі түпкілікті қарыз алушы үшін жылдық 5 пайыз болады. Ең төменгі бастапқы жарна -10 пайыз. Бұл бағдарламаның бірегейлігі – барлық шарттарды жергілікті атқарушы органдар пысықтайды. Ең ұзақ мерзім – 19 жылға дейін, ең көп несие сомасы -15 миллионға дейін”, – деп атап өтті «Отбасы банк» филиалының директоры.

Жобаға алғаш болып Көкшетау қаласының жастары қатыса алады. Себебі жастардың басым бөлігі осында тұрады.

Облыстағы жастардың үлесі 153 мың адамнан асады, бұл облыс халқының жалпы санының 20% құрайды. Қалада 68 510 жас, ал ауылдық жерлерде 84 872 жас тұрады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз