Мемлекет басшысының Жарлығымен:
Ғалымжан Олжаұлы Пірматов Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы лауазымынан босатылды.
Тимур Сүлейменоа Ұлттық банк төрағасы болып тағайындалды.
Ербол Қарашөкеев Қазақстан Ауыл шаруашылығы министрі лауазымынан босатылды. Оның орнына Айдарбек Сапаров тағайындалды. Ол бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысының әкімі қызметін атқарды.
Қанат Бозымбаев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды.
Ғалымжан Елеуов Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары болды.
Нұржан Нұржігітов Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.