Келер жылы мемлекеттен берілетін әлеуметтік төлем сомасы өседі

0
23
Photo: inbusiness.kz

Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетiн әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап арттыру жөнінде премьер-министрі қаулысы Ашық НҚА сайтына жүктелген.

Қаулы бойынша Әлеуметтік кодекстің 11-бабының 2) тармақшасына сәйкес Үкімет қаулысы:

«2024 жылғы 1 қаңтарға дейін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан тағайындалған еңбекке қабілеттіліктен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап алатын әлеуметтік төлемдердің мөлшерінен 7 пайызға арттыру жүргізілсін. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап, бірақ ерте дегенде 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі», – делінген қаулыда.

Қаулы қазіргі таңда Ашық НҚА сайтында жарияланған. Қазақстандықтар төмендегі сілтемеге өтіп, қаулыға пікір қалдыра алады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз