Президент сайлауына өзге кандидаттар түседі – Тоқаев

0
102
дереккөзден

Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаев 2020 жылы өтетін кезекті президент сайлауына түспейді деп есептейді.

BBC арнасындағы Hardtalk бағдарламасының журналисіне берген сұхбаты барысында Сенат Төрағасы Н. Назарбаев 2020 жылы сайлауға түседі дегенге «сенбеймін», деп мәлімдеді. Тоқаевтың айтуынша, 2020 жылы елде өтетін президенттік сайлауға «мүлдем басқа кандидаттар түседі». Дегенмен, Сенат Төрағасы аталғандар өзінің «жеке пікірі» екенін атап өтті.

2020 жылы өтетін президент сайлауына Тоқаевтың өзі түсуі мүмкін бе деген сауалға жауап берген Сенат Төрағасы «Олай деп айтпайтын едім», – деп жауап қайырды. Тоқаевтың сөзінше, Н. Назарбаев 2020 жылы ел президенті болмаса да, елдің ішкі және сыртқы жағдайына әсер ететінін алға тартты.


Н. Назарбаев Қазақстанды алғаш тәуелсіздік алған 1991 жылдан бері басқарып келеді. 2015 жылы өткен кезектен тыс президент сайлауында Н. Назарбаев бесінші рет ел президенті болып сайланды. 2020 жылы Қазақстанда президент сайлауы өтеді. Конституцияға сәйкес, Н. Назарбаев Қазақстанның тұңғыш президенті ретінде аталған лауазымға шексіз сайлана алады.

 

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз