Уругвайдың жеңісі Ресейдің есебіне шешілді

0
61
Rushbet.ru

20 маусымдағы футболдан әлем чемпионатында Уругвай Сауд Арабиясы құрамасын 1:0 есебімен жеңіп кетті.

Ойынның 23-ші минутында Уругвай құрамасынан Саудия қақпасына гол соққан – Луис Суарес. Euronews таратқан ақпарға сәйкес, Оңтүстік Америка елдерінің ішінде әлем чемпионатынан алғы шептегі Уругвай үшін саудиялықтармен ойын оңайға түспеді.

Суарес матчтан кейінге баспасөз конференциясында жанкүйерлер құрамадан бұдан да жоғары нәтиже күткендігін алға тартады.

Дегенмен, Уругвайдың жеңіс тұғырынан көрінуі нәтижесінде Ресей 2018 жылғы футболдан Әлем чемпионатында жедел түрде плей-офф кезеңіне шықты. Соңғы рет ресейлік футболшылар әлем чемпионатына 1986 жылы шыққан еді. Сол уақыттағы Кеңес одағының құрамасы 1/8 финалда 3:4 есебімен бельгиялықтарға есе жіберді.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз