Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауында дауыс берді, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.
“Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында орналасқан сайлау учаскесіне барып, Қазақстан Республикасы Мәжілісі мен жергілікті мәслихаттар сайлауында дауыс берді”, – делінген Ақорда хабарламасында.
Орталық сайлау комиссиясының ақпараты бойынша (сағат 8.15-тегі жағдай бойынша) облыстардың, Алматы, Шымкент және Астана қаласының комиссиясы ұсынған жедел деректерге сәйкес, ел аумағында барлық 10146 учаске және Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегі өкілдіктері жанындағы 18 учаске дауыс беруге кіріскен.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау басталды