Шетелде ең алғаш дауыс беру Корея мен Жапонияда басталды

0
103

Ең бірінші болып қазақстандықтар Оңтүстік Корея мен Жапонияда мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлауға дауыс беріп бастады, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.

Сеулде #258 және Токиода #261 сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-де дауыс беру үшін бірінші болып ашылған.

Шетелдегі барлық сайлау учаскелері Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктерінің аумақтарында ұйымдастырылған.

Сеул қаласында сайлауда дауыс берген алғашқы ҚР азаматы курсант Асанов Ельнур болды.

“Мен бұл сайлау еліміз үшін экономикалық дамудың жаңа мүмкіндіктерін ашады деп күтемін. Трансформация біздің мемлекетіміз үшін қажет, ол елдің дұрыс бағытта дамуына қуатты серпін береді деп сенемін. Мен Қазақстан Республикасының азаматы ретінде азаматтық борышымды орындап, өз үлесімді қосқым келеді! Елімізге нығайып, өркендепу тілеймін” – дейді Е.Асанов.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз