Автожолдағы қауіпсіздікті арттыру мақсатында қосымша әзірленді

0
111

Республикалық маңызы бар автожолдардағы қауіпсіздікті арттыру және кері байланысты жақсарту мақсатында Sapar мобильді қосымшасы әзірленді, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.

Қазіргі уақытта қосымша PlayMarket және AppStore-да қолжетімді.

Мобильді қосымшада навигациясы бар маршрутты салу функционалы, автожолдардың ағымдағы жай-күйі, трассалардың ашылуы/жабылуы, айналма жолдар, жөндеу жұмыстары, метеожағдайлар туралы өзекті ақпарат бар.

Республикалық жолдардың бойында орналасқан жол бойындағы сервис объектілері туралы барлық ақпарат жиналған. Ақылы жол учаскелері бойынша жол жүру теңгерімін толықтыруға мүмкіндік бар.

ҚазАвтоЖолдың колл-орталығын жылдам теру функциялары, сондай-ақ байланыс орталығына ЖКО, жолдардың авариялық учаскесі, қозғалыс кезіндегі кедергі туралы мәтін, фото және видео түрінде хабарлау мүмкіндігі көзделген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз