Назарбаев пен Путин кездесуінен ресми ақпарат жарияланды

0
222

28 желтоқсанда Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин “тет-а-тет” үлгісінде кездесу өткізді. Ресми ақпарат бойынша кездесуде тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі аса өзекті мәселелер бойынша пікір алысқан. 

Екі тараптың ресми сайттары Elbasy.kz және Kremlin.ru таратқан ақпарат бойынша екі жақта бір-біріне шақырғаны үшін, келгені үшін және Еуразиялық экономикалық кеңестің құрылғаны үшін алғыс білдіреді. Бұдан бөлек сөз соңында қос тарап бір-бірін келе жатқан жаңа жылмен құттықтап кездесуді аяқтайды.

“Құрметті төраға ретінде бүгін бейресми кездесуге қатысамын. Мен 1991 жылғы желтоқсанда Алматыда ТМД-ның құрылу сәтіне куә болғандардың бірімін. Бұл тарихи оқиғаның қалай болғанын жақсы білемін”, – деді Нұрсұлтан Назарбаев

Владимир Путин Қазақстанның Тұңғыш Президентінің Еуразия экономикалық одағын құруға және Еуразия құрлығында экономикалық интеграцияны одан әрі дамытуға қосқан үлесін атап өтті.

“Қазір пандемияға байланысты жағдай өте күрделеніп, бүкіл дүние жүзінде өндіріс төмендеген тұста біздің өзіңізбен бірге жасаған механизмдеріміз бен құралдарымыз тиімді жұмыс істеп тұр. Қазақстанмен қарым-қатынасымызға тоқталғанда 2020 жылы пандемия ең күшейген кезеңде де экономикамыздың қатты құлдырауына жол бермегенімізді айтсақ жеткілікті. Әрине, бұл Қазақстанның қазіргі басшылығымен біздің бірлескен жұмысымыздың маңызды нәтижесі”, – деді Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин

“Тет-а-тет” үлгісі – бетпе-бет кездесу; оңаша сөйлесу

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз