21 қыркүйекте Ресей президенті Владимир Путин Ресей әскерін ішінара мобилизациялайтынын айтып үндеу жасады. Бұл Ресейде екінші дүниежүзілік соғыстан бері болмаған жағдай. Ресей әскерін ішінара мобилизация жасау Қазақстанға қалай әсер етеді? Бұл сұраққа Назарбаев университетінің ассистент профессоры, саясаттанушы Жәнібек Арын былай болжам жасады. 

Путиннің (ішінара) мобилизациясы Қазақстан үшін нені білдіреді?
1. Қазақстанға әсіресе Астана мен Алматыға, сондай-ақ Солтүстік қалаларға ресейліктер ағылып келе бастайды.
2. Орталық Азиядан келген еңбек мигранттарына Ресейде қалу “қауіпті” болып көрінуі мүмкін болғандықтан (әсіресе Собяниннің кешегі сөзінен кейін), олар Қазақстанға көшеді.
3. Бұл тұрғын үй бағасының өсуіне әкелуі мүмкін. Сондай-ақ, еңбек нарығындағы бәсекелестік жоғарылайды.
4. Қазақстандағы қазіргі қиын әлеуметтік-экономикалық жағдай ушығуы мүмкін.
5. Жақында #CentralAsianBarometer сауалнамасы Қазақстан халқының тек 28%-ы соғысқа Ресейді кінәлайтынын көрсетеді. Бұл көрсеткіш артуы мүмкін және біздің елде антиресейлік көңіл-күйі бар адамдарды көбірек көруіміз ғажап емес.
6. Қазақстан үкіметі Ресей тарапынан үлкен қысымға тап болуы мүмкін. “Арнайы әскери операция” кезінде көпвекторлы сыртқы саясат жүргізу “соғыс”кезінде де солай жасаудан мүлдем өзгеше.
7. Мен сондай-ақ Қазақстан билігі бұдан бас тартпайды деп болжаймын (немесе үміттенемін).

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз