АҚШ-тағы орыс дипломаттар еліне оралды

0
105
дереккөзден

Жексенбіде Мәскеуге АҚШ-тан еліне қайтарылған дипломаттар мен олардың отбасы мінген ұшақ келіп қонды. АҚШ Сиэтлда Ресей консулдығын жауып, сонымен қатар БҰҰ-дағы тұрақты өкілді де, жалпы олардың отбасымен қоса алғанда 171 адамды еліне қайтарып, Ресейге қарсы ең ірі көлемдегі шара қолданды.

Ресей елшісі А. Антонов: «Бүгін біздің әріптестеріміз, ресейлік дипломаттар АҚШ-тан кетіп барады. Олар – Құрама штаттардың жауы емес. АҚШ билігі өз достарын еліне қайтарып жатыр. Біздің елшілер АҚШ пен Ресей арасындағы ынтымақтастықты нығайтуда еңбек етті», – дейді, деп жазады Euronews.

Өз кезегінде, АҚШ-тың бұл әрекетіне Ресей де қарап қалмады. Ресей өз аумағынан 60 америкалық дипломатты шығарды. Өткен сенбіде консулдық ғимаратындағы ту төмен түсіріліп, Санкт-Петербург қаласындағы АҚШ-тың бас консулдығы жабылды.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз