Қазақстанның бес облысында су тасқыны күтілуде

0
442
дереккөзден/мұрағат

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында су деңгейінің көтерілуі және тасқын күтілуде. Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлайды.

Су деңгейінің көтерілуі және тасқын ауа температурасының жылынуымен түсіндіріледі.

3-4 сәуір Ақмола және Солтүстік Қазақстан облысында ауа температурасының көтерілуіне байланысты үздіксіз қар еру, су деңгейінің көтерілуі және өзеннің арнасынан асуы күтілуде.

3-4 сәуірде Павлодар облысында ауа темпретаруасының көтерілуі және қар еру, Шүлбі су қоймасындағы ағынды судың ұлғаюы салдарынан су деңгейі көтерілуі күтілуде.

2-4 сәуірде Қарағанды облысында ауа температурасының көтерілуі салдарынан үздіксіз қар еру, ағынды сулардың пайда болуы, су деңгейінің көтерілуі күтілуде.

2-4 сәуірде Шығыс Қазақстан облысында ауа температурасының көтерілуі себепті су ағынының әрі қарай тұрақтануы, сондай-ақ судың жинақталуы, су деңгейінің көтерілуі мен  тасқыны күтілуде.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз