С. Жээнбеков Н.Назарбаевты Қырғызстанға іс-сапармен келуге шақырды

0
80

Ақордада Қазақ-Қырғыз шекарасын шегендеу туралы шартқа қол қою барысында қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков Қазақстан президентін Қырғызстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырды.

Қырғызстан басшысы Сооронбай Жээнбеков екіжақты құжатқа қол қою аяқталғаннан кейін баспасөзге берген мәлімдемесінде «Біз екі елдің арасындағы мемлекеттік шекараны заңды түрде рәсімдеуді аяқтадық. Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы шекараның сенім, тату көршілік және өзара тиімді ынтымақтастықтың қақпасына айналарына сенімдімін. Менің Қазақстанға алғашқы сапарым қос мерейтой – елдеріміздің арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 25 жылдығы мен Мәңгілік достық туралы шартқа қол қоюының 20 жылдығы қарсаңында өтуде. Біздің тарихымыз да, тіліміз де, дініміз де, мәдениетіміз де бір.

Ең алдымен Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстанға ресми сапармен келуге мүмкіндік туғызғаны үшін және өткен сайлаудағы жеңісіммен құттықтағаны үшін алғысымды білдіремін. Алдағы уақытта Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Қырғызстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырамын», деп мәлімдеді.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз