Қырғызстан президентінің Қазақстанға тұңғыш мемлекеттік сапары жасалды

0
73

25 желтоқсан Қазақстан Республикасы президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанаға тұңғыш мемлекеттік сапармен келген Қырғызстан Республикасы президенті Сооронбай Жээнбековты қабылдады.

Президенттікке сайланғаннан кейін С. Жээнбековпен екінші рет кездесіп отырғанын мәлімдеген мемлекет басшысы, тар форматта өткен келіссөздер барысында қырғыз басшысының Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапарының өнімді болуына тілектестігін жеткізді. Тәуелсіздіктің 26 жылында өзара ынтымақтастық қатынаста байланыс жасалып келе жатқанын тілге тиек еткен мемлекет басшысы Н. Назарбаев Қырғызстанға залалы тиетін ешқандай шара жасамағанын атап өтіп, «Біз келеміз, кетеміз. Ал көршілес елдер қалады», – дей отырып, әр ұрпақтың басты міндеті достық қарым-қатынасты жалғастыру екенін алға тартты.

Өз кезегінде, Сооронбай Жээнбеков Нұрсұлтан Назарабаевтың шақыртуына алғыс білдірді. Екі ел арасындағы ынтымақтастыққа биыл 25 жыл толғанын атап өткен С. Жээнбеков мәңгілік достық туралы келісімге 20 жыл толғанын алға тартып, өзінің бұл мемлекеттік сапары аталған мерейлі мерейтойлармен сәйкес келетінін айтты.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз