Сайлауға соңғы дайындықтар пысықталды

0
210

2019 жылғы 7 маусымда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы болды, оған саяси партиялардың , ДИАҚБ/ЕҚЫҰ және ТМД миссияларының өкілдері қатысты.

Отырыста екі мәселе қаралды: Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттар жүргізген сайлау алдынғы үгіт қорытындысы және сайлау учаскелерінің дауыс беру күніне дайындығы.

Сайлау алдындағы үгіт қорытындысы бойынша ” БАҚ-та баспа алаңының, эфир уақытының бірдей көлемінде тарату қорытындысы туралы” баяндамасымен Қазақстан Республикасы ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Нұргүл Өсербайқызы Мауберлинова сөз сөйледі. ” Заңдылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы”  екінші баяндамамен  Қазақстан Республикасы Бас пракурорының орынбасары Болат Бекназарұлы Дембаев сөз сөйледі.

Сондай-ақ бейнеконференцбайланыс режимінде аумақтық сайлау комиссияларының өкілдері сайлау учаскелерінің дауыс беру күніне дайын екендігі туралы баяндады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз