Сәрсенбі күнгі мәжіліс отырысында депутаттар Дариға Назарбаеваның депутаттық өкілетін тоқтатуға дауыс берді. Дариға Назарбаеваның өзі отырыста болмады. Оның орнына Саясат Нұрбек ант беріп, депутат қызметіне кірісті.
Ерлан Қошанов орталық сайлау комиссиясының Саясат Нұрбекті “Аманат” партиясы атынан мәжіліс депутаты ретінде тіркегенін айтты.
Саясат Нұрбек бұған дейін BTS Education компаниясының бас директоры қызметін атқарған. Былтыр парламент сайлауы қарсаңында ол “Нұр Отан” партиясының депутаттықтан үміткерлер тізіміне енді.