Саясат Нұрбек мәжіліс депутаты ретінде ант қабылдады

0
427
Саясат Нұрбек Мәжіліс депутаты ретінде ант беріп тұр. Photo: Video screen

Сәрсенбі күнгі мәжіліс отырысында депутаттар Дариға Назарбаеваның депутаттық өкілетін тоқтатуға дауыс берді. Дариға Назарбаеваның өзі отырыста болмады. Оның орнына Саясат Нұрбек ант беріп, депутат қызметіне кірісті.

Ерлан Қошанов орталық сайлау комиссиясының Саясат Нұрбекті “Аманат”  партиясы атынан мәжіліс депутаты ретінде тіркегенін айтты.

Саясат Нұрбек бұған дейін BTS Education компаниясының бас директоры қызметін атқарған. Былтыр парламент сайлауы қарсаңында ол “Нұр Отан” партиясының депутаттықтан үміткерлер тізіміне енді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз