Ресей Федерациясының Таяу Шығыс және Африка елдері бойынша арнайы өкілі, Сыртқы істер министрінің орынбасары Михаил Богданов Ресей, Түркия және Иран Сыртқы істер министрлері Сергей Лавров, Мевлют Чавушоглу және Джавад Зариф Астана процесінің кепіл елдерінің үш жақты саммиті қарсаңында кездесу өткізетінін мәлімдеді. Бұл туралы ТАСС агенттігі хабарлайды.
Сәуір саммиті қарсаңында Владимир Пути, Реджеп Тайып Ердоған және Хасан Роухани төртінші сәуірде Ыстамбұлда бас қосады.
Айта кетейік, Сирия мәселесіне қатысты жоғары дәрежелі Иран-Ресей-Түркия Сыртқы істер министрлерінің кездесуі 16 наурыз Астанада өткен еді.
Түркия, Ресей және Иран басшылары өткен жылдың қараша айында Сочиде бас қосып, Сирия дағдарысында жұмылып әрекет ету жөнінде шешім қабылдаған болатын. Аталған үштік бүгінге дейін Астанада ұйымдастырылған Сирия бейбітшілік келіссөздерінің гаранты болып келді. Астана кездесулерінде тараптар Сириядағы соғысты тоқтату туралы келіссөздер жүргізіп келеді.