Түркияда заңсыз мигранттар мінген автобус апатқа ұшырады

0
61

Түркияның шығысындағы Ыгдыр провинциясында заңсыз мигранттарды тасымалдайтын шағын автобус апатқа ұшырап, 17 мигрант көз жұмды. Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.

РИА Новости таратқан ақпарға сәйкес 53 адам мінген шағын автобустағы жол апатынан тағы 36 адам жарақат алған. Ауғанстан, Пәкістан және Иран азаматтарын алып, Түркия-Иран шекарасынан заңсыз өтіп бара жатқан шағын автобус Игир-Карс автожолындағы бағанаға соғылғаннан кейін өртке оранған.

Айта кетерлігі, 14 адамға арналған шағын автобуста шекарадан заңсыз өтпек болған 50 мигрант бар. Басылымның мәліметінше, мигранттарды шекарадан заңсыз алып өтпек болған автобустың жүргізушісі жол апатынан кейін бой тасаламақ болғанымен, полиция қызметкерлері оны ұстап үлгерген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз