Сирия дағдарысы: АҚШ-тың орнын Франция алмақ

0
50

Франция Сирияның солтүстігінде орналасқан Манбидж қаласына күрдтерге көмек ретінде өзінің арнайы әскери жасағын жібермек. Бұл туралы Франция президенті Эммануэль Макрон «Сирия Демократиялық күштері» өкілдерімен кездесуінде мәлімдеді. Сирияға жіберілетін арнайы жасақтың нақты саны әзірге белгісіз.

Бұдан өзге, Франция басшысы Анкараға түрік әскерінің Африн аймағынан шығарылуы үшін дипломатиялық қысым көрсетуге уәде етті.

Euronews-тың мәлімдеуінше, Франциялық бұқаралық ақпарат құралдары мәселе әлі де НАТО одақтастарының тікелей қақтығысуына алып келетін күрдтерге әскери көмек көрсету туралы емес, ауқымды гуманитарлық операция жайында болып отыр дейді.

Америка Құрама Штаттары басқарған коалиция көмегінің арқасында, күрдтер елдің солтүстік-шығысын жихадшылардан тазартты.

Кездесу барысында Манбидж қорғаныс кеңесінің өкілі Абу Али Неджем: «Біз Манбиджді қорғауға дайынбыз. Америкалықтар өз одақтастарын тастап кетіп жатқандықтан, бұл оңай қадам болмаса да қаланы қорғауға міндеттіміз. Екі жарым жылдан астам уақыт бойы америкалық коалициямен бірге болдық, Манбиджді бірге лаңкестерден босаттық. Олар бізге кепілдік берді. Олармен байланыста боламыз. америкалық коалиция біздің әскерімізді қуаттандырды және қаруландырды», – деді.

Өткен жарты жылда Түркияда лаңкестік ұйым деп есептелетін күрд жасақтарын Африн аумағынан шығару үшін ірі екі әскери операция жүргізді. Түркия тарапынан жасалған бұл әскери шабуылдар НАТО одақтастарының ішінде қарама-қайшы реакция тудырған болатын.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз