Қос Корея бірлескен саммит өткізеді

0
74
дереккөзден

Корей Халық Демократиялық Республикасы (КХДР / Солтүстік Корея) мен Оңтүстік Корея делегация өкілдері жоғары деңгейдегі кездесу өткізуге келісті. Соңғы рет қос Корея басшылары 11 жыл бұрын – 2007 жылдың қазанында кездесті.

«Солтүстік және Оңтүстік Корея өкілдері қос мемлекет басшыларының келісімімен 2018 жылдың 27 сәуірінде Пханмунджом аймағындағы бейбітшілік үйінде кореяаралық саммит өткізуге келісті»,

– дейді КХДР Кореяны бейбіт біріктіру бойынша комитетінің төрағасы Ли Сон Гвон.

Корея Республикасы ұлттық қауымдастық ісінің министрі, Оңтүстік Корея делегациясының басшысы Чо Мён Гюн қос Корея саммиттегі келіссөздер табысты болу үшін бар күш-жігерін салатындарын, аталған саммит Корей түбегінің ядролық қарусыздануы үшін тарихи маңыздылығы бар екенін алға тартты, деп жазады Euronews.


Сәрсенбіде КХДР басшысы Бейжіңге жасаған сапары барысында «Оңтүстік Кореямен ынтымақтастық қатынастарға және өзара келіспеушіліктерді шешуге, сондай-ақ қос елдің бірлескен саммитін өткізуге» ниетті екенін жеткізді.

4 сәуірде келіссөздерге дайындықтың кезекті раунды өтеді.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз