Сыртқы істер министрі болып Мұрат Нұртілеу тағайындалды

0
207
Мұрат Нұртілеу.

3 сәуірде президент жарлығымен жаңадан сыртқы істер министрі тағайындалды, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.

“Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы лауазымынан босатылды”, – деп хабарлайды Ақорда.

Айта кетейік, Заңға сәйкес Мәжілістің жаңадан сайлануына байланысты Үкімет өз өкілеттігін тоқтатқан еді. Бұған дейін қайта жасақталып жатқан үкіметте Әлихан Смайылов премьер-министр болып тағайындалған еді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз