Әлихан Смайылов премьер-министр болып тағайындалды

0
127
фото: Ақорда

Заңға сәйкес Мәжілістің жаңадан сайлануына байланысты Үкімет өз өкілеттігін тоқтатқан еді. Қайта жасақталып жатқан үкіметте Әлихан Смайылов премьер-министр болып тағайындалды, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.

“Мемлекет басшысының Жарлығымен Әлихан Асханұлы Смайылов Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі лауазымына тағайындалды”, – делінген Ақорда ақпаратында.

Президент Конституцияның 56-бабына сәйкес премьер-министр лауазымына Әлихан Смайыловты тағайындау үшін мәжілістің келісімін сұрады.

“Ата заңымыздың 44-бабына сәйкес, Премьер-Министр лауазымына Әлихан Асханұлы Смайыловтың кандидатурасын ұсынамын. Баршаңыз бұл азаматты жақсы танисыздар. Білікті әрі тәжірибелі маман. Жұмысқа адал, еңбекқор адам. Ол Үкіметтің алдында тұрған міндеттерді жақсы біледі. Оған жаңа Үкіметтің тізгінін сеніп тапсыруға болады деп санаймын”, – деді Тоқаев.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз