10 мамырда шағын құрамдағы кездесу соңында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президентін Қазақстанға сапармен келуге шақырды.
Режеп Тайып Ердоған Түркияға сапармен келгені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты. Сонымен қатар ол Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанға шақыруын ризашылықпен қабыл алып, биыл күзде елімізге келетінін жеткізді.