Тоқаев Анкарада Ердоғанмен кездесті

0
252
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев және Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған. Photo: tccb.gov.tr

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Анкараға мемлекеттік сапары барысында Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен келіссөз жүргізді. Бұл жөнінде Ақорда баспасөз қызметі хабарлады.

Келіссөздерге дейін президент сарайында салтанатты түрде ресми қарсы алу шарасы өтті. Құрмет қарауылының бастығы екі ел басшыларына рапорт беріп, Қазақстан мен Түркияның әнұрандары шырқалғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайып Ердоған бір-біріне ресми делегациялардың құрамын таныстырды.

Салтанатты рәсімнен кейін шағын құрамда кездесу болды. Президенттер саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларды кеңейтуге ерекше көңіл бөле отырып, қазақ-түрік стратегиялық серіктестігінің ауқымды мәселелерін талқылады. Сонымен қатар жаһандық және аймақтық күн тәртібіндегі проблемалар қарастырылды.

Қазақстан президенті бауырлас Түркия Республикасына мемлекеттік сапармен келуге шақырғаны үшін Режеп Тайып Ердоғанға ризашылығын білдірді.

Шағын құрамдағы кездесу соңында Тоқаев Ердоғанды Қазақстанға сапармен келуге шақырды.

Режеп Тайып Ердоған Түркияға сапармен келгені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты. Сонымен қатар Режеп Тайып Ердоған Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанға шақыруын ризашылықпен қабыл алып, биыл күзде елге келетінін жеткізді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз