Қазақстан президенті Ататүрік рухына тағзым етті

0
251
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияның негізін қалаушы әрі тұңғыш президенті Мұстафа Кемал Ататүрік қабіріне гүл шоғын қойды.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркияға мемлекеттік сапары Түркияның негізін қалаушы әрі тұңғыш президенті Мұстафа Кемал Ататүріктің рухына тағзым етуден басталды.

Анытқабір кесенесін аралап көрген мемлекет басшысы Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды. Онда Қасым-Жомарт Тоқаев тамырлас түрік жұртына зор құрметін білдіріп, Қазақстан мен Түркия арасындағы достықтың мәңгі болуын, екі ел ынтымақтастығының арта беруін және бауырлас түрік халқына бақ-береке тіледі.

Қазақстан президенті Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырып тұрған сәті.

Гүл шоғын қою салтанатты рәсіміне Қазақстанның ресми делегациясының мүшелері де қатысты.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз