Тоқаев ресми сапармен Түркияға келді

0
37
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты әуежайдан күтіп алу сәті. Photo: Bort #1

10 мамырда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия басшысы Режеп Тайып Ердоғанның шақыруымен Түркияға мемлекеттік сапармен келді. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады. 

Қазақстан президентін Анкарадағы “Есенбоға” халықаралық әуежайынан Түркияның вице-президенті Фуат Октай, Анкара губернаторы Васип Шахин және басқа да бірқатар ресми тұлғалар күтіп алды.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев және Түркия вице-президенті Фуат Октай. Photo: Bort #1

Мемлекет басшысы Анкарадағы екі күндік сапары барысында Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен шағын және кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізіп, түркиялық ірі бизнес өкілдерімен өтетін бизнес форумға қатысады.

 

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз