Байден Украинаға жедел көмек көрсетуге арналған Ленд-лиз заңына қол қойды

0
199
photo: т.а Украина Сейчас

АҚШ президенті Джо Байден Украинаға қатысты ленд-лизге (Ukraine Democracy Defense Lend-Lease Act of 2022) қол қойды. Бұл құжат бойынша Укрианаға қажетті қару-жарақтарды жеткізу барынша жеңілдетілетін болады. Бұл туралы sn.kz сайты хабарлады.

Маңызды құжатта Украинаның әскери қорғаныс қабілетін арттыру, ел азаматтарын Ресей агрессиясынан қорғау мәселесі жазылған. Сонымен қатар ленд-лиз Украинаға қандайда бір қару түрін жеткізу барысында АҚШ перзидентіне бірқатар артықшылықтар береді. Ендігі қарау-жарақ жеткізу ісіне бюрократиялық процедуралар кедергі болмайды. АҚШ президенті аталмыш құжатқа сүйеніп, өзі шешім қабылдайтын болады.

Бұл АҚШ тарихындағы екінші «ленд-лиз» заңы болды. Алғашқы ленд-лиз екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Гитлерге қарсы қолданылған. Ленд-лиз бойынша Гитлермен күрескен Ұлыбританияға көмек көрсетілсе, кейіннен АҚШ ленд-лиз шеңберінде Кеңестер Одағына әскери көмек көрсеткен.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз