“Батырларға тағзым”: Алматыдағы шеруге мыңдаған адам жиналды

0
287
"Батырларға тағзым" шеруі. Алматы, 9 мамыр, 2022 жыл. Photo: Zakon.kz

9 мамыр Қазақстанның мемлекеттік мерекесі – Жеңіс күні Алматыда “Батырларға тағзым” деген атпен шеру өтті.

1941-1945 жылдардағы соғыс ардагерлерінің суретін ұстаған мыңдаған адам Алматыдағы Мәдениет және демалыс паркінен 28 панфиловшы паркіне дейін шерулетті. Қатысушылар Мәңгілік алау жанындағы Даңқ мемориалына гүл қойды, сол арада ардагерлерге мерекелік дастарқан жайылып, концерт ұйымдастырылды.

Постсоветтік республикаларға ортақ дата – гитлерлік фашимді тізе бүктірген жеңіс күнінің символы сары және қара жолақты лентаны Ресей басқыншылығының белгісі деп санайтындар көп. Сондықтан жыл сайын жеңіс күні қарсаңында постсоветтік елдердің көбінде оны тағуға қарсылық күшейеді. Әсіресе ақпанда басталған Украина соғысынан бері наразылық арта түскен.

1 сәуірдегі мәлімет бойынша, Қазақстанда 387 соғыс ардагері өмір сүреді. Бір жыл бұрын 665 ардагер болған еді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз