31 мамырда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласына жұмыс сапарымен барды. Ол 1 маусымда Балаларды қорғау күніне арналған шараға және Ұлттық ғылым академиясында өтетін салтанатты жиынға қатысады.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар ғылыми мекемені, оқу орындарын аралап көреді және жеке кездесулер өткізеді деп жоспарланған.