Қазақстан сыртқы істер министрі Рим Папасымен кездесті

0
192
Қазақстан сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді және Рим Папасы Франциск. Photo: MFA QAZAQSTAN

Дүйсенбі күні Ватиканға ресми сапармен барған Қазақстан сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Рим Папасы Францискпен кездесті. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Апостол сарайының Папа кітапханасында өткен келіссөзде тараптар биыл қыркүйек айында Қазақстан астанасында өтетін әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезінің күн тәртібін талқылаған. Понтифик Қазақстанның конфессияаралық келісім мен дінаралық диалогты ілгерілетуге қосқан үлесін ризашылықпен атап өткен.

Қазақстан сыртқы істер министрі Рим папасының сапарын тек Қазақстанның ғана емес, бүкіл Орталық Азиядан келген католиктер тағатсыздана күтетінін айтқан.

Сол күні министр Тілеуберді Қасиетті Тақтың мемлекеттік хатшысы (премьер-министрі) Кардинал Пьетро Паролинмен және Дінаралық диалог бойынша Папа кеңесінің төрағасы кардинал Мигель Анхель Аюсо Гиксотпен екіжақты келіссөз жүргізген.

Тараптар Қазақстан мен Қасиетті Тақ арасындағы рухани келісім мен өзара құрмет саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылаған.

Конфессияаралық диалогты дамытуға, сондай-ақ әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі идеяларын ілгерілетуге қосқан қомақты үлесі үшін Мұхтар Тілеуберді мемлекет басшысының атынан М.А. Аюсо Гиксотқа ІІ дәрежелі “Достық” орденін тапсырды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз