Президент ашаршылық және қуғын-сүргін құрбандарының рухына тағзым етті

0
298
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарына арналған монументке гүл шоғын қойып тұр. Photo: Bort #1

31 мамырда президент Қасым-Жомарт Тоқаев саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарының рухына тағзым етті.

Ол Нұр-Сұлтандағы “1932-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарына тағзым” монументіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарына арналған монумент алдында тұр. Photo: Bort #1

Іс-шараға нәубет жылдары зардап шеккен отандастарымыздың жақындары мен туыстары қатысты.

Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарына арналған монумент. Photo: Bort #1

Айта кетейік, президент Хазірет Сұлтан мешітіне барып, қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарының рухына арнап құран оқытты.

Тарихшылардың дерегінше, 1937-38 жылдары совет билігі жүргізген саяси репрессия кезінде Қазақстанда 120 мыңнан аса адам қуғынға ұшырап, 25 мыңы атылған. 1928 жылғы кәмпескенің соңы 1932-34 жылдардағы ашаршылыққа ұласып, түрлі дерек бойынша, Қазақстанда 1,3-1,5 млн адам қаза болған.

1988 жылғы 4 қарашада Қазақ ССР Жоғарғы соты репрессия кезінде атылған Ахмет Байтұрсынұлы, Жүсіпбек Аймаутов, Міржақып Дулатов, Халел Ғаббасов, Мағжан Жұмабаев бастаған 14 қазақ зиялысын ақтады. Ал 1993 жылы 14 сәуірде Қазақстан “Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы” заң қабылдаған. Содан бері ел сталиндік репрессияда атылғандарды, қудаланғандарды ақтау процесін жүргізіп жатыр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз